Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің тұғыры || 10-сынып Google аккаунтқа кіру міндетті емес || вход в Google аккаунт не обязательно Чтобы сохранить изменения, войдите в аккаунт Google. Подробнее… *Обязательный вопрос Сіздің ID-іңіз || Ваш ID * 1024504020 ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ БӨЛІК Бірыңғай ұяң дауыссызы бар сөзді көрсетіңіз * A) Күрең B) Заман. C) Жез. D) Бор. Қатаң дауыссыздан басталатын сөздер қатарын табыңыз * A) Мархабат, салауатты, табиғат. B) Сүтті, тәтті, тастақ. C) Мерекелік, оркестр, туған-туыс. D) Сақшы, басшы, суретші. “Б” дыбысына тән қатарды анықтаңыз. * A) Еріндік дауысты дыбыс. B) Қатаң дауыссыз дыбыс. C) Ашық дауысты дыбыс. D) Ұяң дауыссыз дыбыс. «Е» дыбысына қатысты қатарды белгілеңіз. * A) Ашық, езулік, жуан. B) Қысаң, еріндік, жіңішке. C) Қысаң, езулік, жіңішке. D) Ашық, езулік, жіңішке. Әр сөзі бірыңғай ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөйлем * A) Жайғаным жасыл желек, дүрия кілем. B) Бақыт гүлі – жемісінің дәмі бөлек дүние. C) Жақсылық жасау – бабалардың аманаты. D) Балапанның жүрегі дір-дір еткендей болды. Буын үндестігі сақталмаған сөзді ажыратыңыз. * A) Сәнқой B) Түлкі. C) Өнерлі. D) Намысқой Бітеу буынды тіркесті табыңыз. * A) Орманды алқап. B) Теңіз түбі. C) Бұлтсыз күн. D) Күйшінің домбырасы. Тура мағыналы сөз тіркесін табыңыз. * A) Асыл ой. B) Суық хабар. C) Ақ көбейді. D) Ақ көйлек. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін көрсетіңіз. * A) Толғауы тоқсан қызыл тіл. B) Терең құдық. C) Долы адам. D) Жүйрік ат. Омоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. * A) Кенжекенің домбырашы қызы бар. B) Ол үлкен театрда отырғандай. C) Осы кезде Баймағанбет те келді. D) Қорыққа жайылған малдардан балалар қорықты. Айтылуы бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз * A) Құпұйа B) Сұрқия C) Өкпеледі D) Жарқанат Омоним болатын сөзді табыңыз. * A) Жүз B) Бару C) Жігіт D) Кітап Синонимдер қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. * A) Оның қазір жұрнағы да жоқ. B) Қанипа апайдың мұңды жүзіне қарады. C) Қауіп бар жерде қатер бар. D) Қайран қарт қызық кісі еді-ау! Антоним қатысқан қатарды көрсетіңіз. * A) Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да. B) Алдамаған кім қалды тірі жанда? C) Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық. D) Осы күнде осы елде дәнеме жоқ. Сөйлемнен омонимдерді табыңыз * A) Сенің сеніміңді ақтауға тырысамын. B) Қазақтың кең даласы құлпырады. C) Айтшы, қалқам, айтшы. D) Мына атқа мініңіз. Синонимдес тұрақты тіркес қатары * A) Аузы-аузына жұқпау, жұмған аузын ашпау B) Көзді ашып-жұмғанша, қас пен көздің арасында C) Жұлдызы жарасқан, жұлдызы қарсы D) Айы оңынан туды, жолы болмады Синонимі бар қатарды белгілеңіз. * A) Қар мен жаңбыр, жел мен боран кезектесіп тұратын мекен. B) Қат, мұқтаж, зәру адамдарға көмектесу – әр адамның борышы. C) Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең. D) Маңайындағы бірі көңілді, бірі қапалы жүздерге таңдана қарады. Көп мағыналы сөзі бар сөйлемді анықтаңыз. * A) – Мәселенің төркіні осы еді, - деп сөзін аяқтады. B) Біз бәріміз кеш келдік. C) Ақсақалдар өзара әңгімелесіп кетті. D) Анам жұмысқа кетті. Кірме сөзді анықтаңыз. * A) Қышқыл. B) Бәтеңке. C) Ғарышкер. D) Желім. Туынды сөзді ажыратыңыз. * A) Мектепке. B) Білім. C) Әжем. D) Қасиеті. Қысқарған сөзді табыңыз. * A) Ойлы-қырлы. B) ГАЗ-51. C) Шыбын-шіркей. D) Қыз-қырқын. Емле бойынша дұрыс жазылған сан есімді көрсетіңіз. * A) XI-сынып. B) 5 сыныпқа көшу. C) 50-50-ден бөлу. D) 22-наурыз. Емле бойынша дұрыс жазылған қысқарған сөзді көрсетіңіз. * A) ТУ-154-пен ұшып келдім. B) ТУ 154-пен ұшып келдім. C) ТУ:154-пен ұшып келдім. D) ТУ;154-пен ұшып келдім. Ауыспалы мағыналы сөз қатысқан сөйлем * A) Құс аулау мезгілі таңның сібірлеп атуынан басталады екен. B) Шыңғыс ауылы күзекке келгенде, сары бала сондай қуанады. C) Ерейменнің бауыры маужырап, дала нұрын төгіп тұрғандай. D) Айбала дәліздегі ыдыстың бетін әдейі ашық қалдырды. Туынды зат есім қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. * A) Жібек жолы батыс пен шығысты жалғастырып жатыр. B) Бұл қалаларда ғалымдар дүниеге келген. C) Әйгілі қобызшы, күйші, сөз зергері Қорқыт. D) Философ Әбу Насыр әл-Фараби – ұлы ғалым. Есім сөздерден жасалған сын есімдер қатарын көрсетіңіз. * A) Оқыр, кеткіз. B) Берекелі, оқырман. C) Қазандай, торсықтай. D) Оқытқыз, жаздыр. Есімдік қатысқан сөйлемді табыңыз. * A) Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры. B) Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу керек. C) Жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу керек. D) Біздің заманымыз - жазу заманы. Пысықтауыш қызметіндегі үстеуді көрсетіңіз. * A) Кекіліксайдан сымбатты теректерді көргенім бар. B) Тау жырасына, шатқалға біткен терек. C) Ол асқан ақылды, сөзге ұста, шешен адам екен. D) Таңертең ерте оянып, тысқа шықтым. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз * А) Жасы менен кіші болса да, өзін ұстауы үлкен адамдардай. В) Жер бетінде бар тіршілік осы төрт нәрсеге тәуелді. С) Ермек айналасына қараса, қалың тұман да сейілейін депті. D) Сіздер жолға кешігіп қалмасын деп, ертерек шықтық. Сөздердің тіл біліміндегі атауы ауыз , тіл, тіс, көмей * A) сөйлеу мүшелері B) адам мүшелері C) ауыз мүшелері D) дене мүшелері Берілген сөздер қай қатарға тән екенін анықтаңыз. Ақыл, қуаныш, қайғы, үміт. * A) Негізгі зат есім. B) Деректі зат есім C) Жалқы есім. D) Дерексіз зат есім Сөйлем ішіндегі біріккен сөз қай сөз табынан жасалған? Күн шыға Сырымбетке жеткен жолаушылар аттарын шалдырып алды. * A) Есімдік. B) Зат есім. C) Шылау. D) Сын есім. Салыстырмалы шырайды белгілеңіз * A) Әп-әдемі қыз. B) Әбден шаршау. C) Тіпті жіңішке. D) Қоңырқай мата. Туынды сөз қатыспаған сөйлем * A) Мысықша басып, ақырын қимылдап келе жатыр. B) Етпетінен құлаған көкжал атып тұрып тап берді. C) Тас жолмен вокзалға жаяу тура тартып келемін. D) Әншіні құмарта тыңдаған жұрт у-шу боп тарады. Терминдерге сәйкес қатар. Кірме сөз, диалект сөз, жаңа сөз. * A) Дәптер, сүгірет, кеден. B) Шелпек, дермене, келдек. C) Опера, сатира, поэзия. D) Пәрбі, мәйек, қоза. Берілген сөздердің ерекшеліктеріне сай қатар Ешбір, әрқашан, әлдебір, кейбіреу * A) кей адам, сонша B) әлдекім, еш нәрсе C) әр оқушы, кей шақта D) бірқыдыру, әлдекім Туынды сөз қатыспаған сөйлем * A) Айшықты оюмен безендірілген сандықша төрде тұр. B) Тарғыл жүнді төбеттің үйшігінде жатқанын көрді. C) Қазақ оюлары әсем қиюластыруларымен сәнді. D) Төрге жайған кілемшенің өрнегі көз тартады. Мақалдардан антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз * A) Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. B) Жақсы адамға жау жоқ. C) Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп. D) Берген жомарт емес, алған жомарт. Берілген сөздерге ортақ қосымша полюс, хирург, Әуезов * A) -тан B) -ді C) -ке D) -қа Қосымша жалғанған сөздері бар сөйлемді табыңыз. * A) Мұражайға балабақшадан балалар келді. B) Біз телефон арқылы сөйлестік. C) Мектеп таза, әдемі әрі жарық. D) Арна жақсы оқиды. Күрделі үстеулердің қатарын белгілеңіз * A) Ертең, кешке. B) Орасан, әрең. C) Қаннен-қаперсіз, биыл. D) Сәл, төмен. Үстеу жасайтын жұрнақты белгілеңіз. * A) -қы, -ты, -шыл, -ғыш. B) -лай, -ша, -дайын, -шама. C) -ыншы, -ау, -лаған, -дап. D) -ғалы, -а, -ып, -й. Табыс септігінің жалғауы бар сөйлемді белгілеңіз. * A) Адам қартайса да, көңіл қартаймайды. B) Өлімнен ұят күшті. C) Жеті рет өлшеп, бір рет кес. D) Қызықты әңгіме оқыды. Анда-санда арс-ұрс еткен дауыс шығады. Сөйлемге сәйкес нұсқа * A) дара бастауыш, дара баяндауыш, толықтауыш, күрделі баяндауыш B) мекен пысықтауыш, үйірлі анықтауыш, бастауыш, баяндауыш C) мезгіл пысықтауыш, анықтауыш, бастауыш, баяндауыш D) пысықтауыш, анықтауыш, баяндауыш, бастауыш, баяндауыш Демеулік шылауы бар қатар * A) Алдына қара салмай бағы жанған кез(де) жүйрік аты жер жарар. B) Кішкентайын(да) қиналса, үлкейгенін(де) сүйінер. C) Ашық, нұрлы аспаны (да), тентек желі (де) көңілсіз, қапалықпен қарағандай. D) Арыстан(да)й айбатты, Мен жастарды сүйемін. Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз. * A) Баланың қуанышы. B) Бейбіт өмір. C) Жұмысты жандандыр. D) Спорттық ойын. Қатыстық сын есімі бар қатар * A) Ердің сыншысы - елі. B) Ұранды ердің – ұрпағы қайсар. C) Ерлік – елдің сыны. D) Ерлік - білекте емес, жүректе. Бұйрық райлы етістікті белгілеңіз. * A) Инең болса – иінің бүтін. B) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. C) Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені. D) Жақсы адам жолдасынан танылар. Мақсат пысықтауышты белгілеңіз. * A) Көздері өздігінен түйісіп қалып, төмен қарап кетті. B) Жейдебай сапалы білім алу үшін осында ауысты. C) Ол Ерейменнің етегінде жарты айға жуық жүрді. D) Мұғалім өлеңді нақышынан келтіріп оқып берді. Пысықтауыш қызметіндегі мекен үстеуді табыңыз * A) Көксерек алды-артына қарап тұрып, байқамай қалып еді. B) Ол күні бойы тымырайып, қасақана үндемей отыр еді. C) Былтырғыдан гөрі құрылысқа елеулі ештеңе қосыла қоймағандай. D) Әбіш азғантай қабақ шытып, кеудесінен қолын түсірді. Қос сөз кездесетін сөйлемді табыңыз * A) Алақанын жайып, жаңбыр тамшыларына қызықты. B) Дала жылынып, гүлдер енді-енді бүршік атып келеді. C) Ұзақ жүріп, орман соңын әзер тапқынана қуанды. D) Көзі ашық, көкірегі ояу екенін ол біледі. Жіктеу есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз * A) Осы кезеңнен өтсең болды. B) Бірнеше бала демалысқа кетті. C) Ешкімнің ала жібін аттама. D) Ол әнді жақсы айтты. Сабақты етістік қатысқан сөйлемді табыңыз * A) Абайдың сөзінен ой түйді. B) Абзал ұшаққа отырудан бас тартты. C) Айша Арманды көргісі келді. D) Үлкендер қалаға қарай бет бұрды. Мезгіл үстеулі сөйлемді табыңыз * A) Қолма-қол келісе кеткеніне риза болды. B) Әлі бірталай жер жүретін тәрізді көрінеді. C) Әлдеқайдан естілген дыбысқа елең ете қалды. D) Көптен бері сыр бермей, кеше ойымен бөлісті. Шылау арқылы байланысқан сөйлемді табыңыз * A) Адамда екі түрлі менез бар. B) Қараңғы түнде ай жарық. C) Білімді болу үшін оқу керек. D) Бүркіт тұрған жер – биік құздың жан-жағы. Пысықтауышы бар сөйлемді табыңыз * A) Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады. B) -Көзімнің қарасындай сақтауға сөз беремін. C) Алпамыссыз өткен әр күнім көңілсіз. D) Бибігүлдің келгеніне Ықылас қатты қуанбады. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз * A) Қала жастары спорттан Халықаралық жарысқа қатысып, елімізді әлемге танытты. B) Айым оқу бітірісімен, өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасып алды. C) Республикалық олимпиадалық жарысқа барғым келген еді, бірақ мүмкіндік болмады. D) Кез келген адам салт-дәстүрді жақсы ұстанса да, оның қыры мен сырын жақсы біледі деу қиын, себебі оның айтылмаған жыры аз емес. Туынды сөз қатысуы арқылы жасалған сөйлемді табыңыз * A) Ақбаян ойына келгенін қағаз бетіне жазуды жөн көрді. B) Оның қабілетіне сенген Жұмағұл іштей тамсанды. C) Мұхтар тамағы ауырғандықтан дәрігердің қабылдауына жазылды. D) Ақ пен қараны ажырата білетіндер ғана орындауы керек. Толықтауышы есімдік арқылы жасалғанын сөйлемді табыңыз * A) Оныншы алтыншыдан алда келді. B) Көлік жүргізу оңай емес. C) Күннің аптап ыстығы басылмай тұр. D) Біреуге ор қазба, өзің түсесің. (Мәтел) Өзгелік етіс қатысқан сөйлемді табыңыз * A) Жандос пен Бағдат мейрам күні айтысты. B) Күміс қонаққа барамын деп, таң атпастан таранды. C) Жол екіге бөлінді. D) Құрманғазы Дина қызға әуезді ән айтқызды. Бейнелеуіш сөз қатысқан сөйлемді табыңыз * A) Баласы Құнанбайдың айтқан сөзіне кілт тоқтады. B) Желдің әсерінен киіз үйдің сықырлауығы тарс жабылды. C) Жұманның қарқ ете қалғанын бәрі сезгендей болды. D) Нөсер аяқталса да, аспанда найзағай жарқ-жұрқ етті. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді анықтаңыз * A) Пошымына қарасаң өте бір сыпайы тәрізді, бірақ мінезі от екен. B) Отыра берсек бүгінгі күннің шаруасы бітетін емес, сол үшін тездетіп жұмысты аяқтайық. C) Мұғалім сыныпты басқаруға мені қалдырды да, қасыма тағы екі көмекші берді. D) Оның жаттаған өлеңдерінің көптігі сонша, тіпті бәрін тыңдауға уақыт жетпей, соңында қосымша уақыт бердік. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің қызметін табыңыз Тапқыр, адал, ақниет адамдардың, Алданбайсың артынан ере берсең. * A) Бірыңғай бастауыш B) Бірыңғай анықтауыш C) Бірыңғай толықтауыш D) Бірыңғай пысықтауыш Шылауға тән емес белгіні анықтаңыз * A) толық лексикалық мағынасы болмайды B) түрленбейді C) толық мағыналы сөзге қосымша мән үстейді D) адамның әртүрлі көңіл күйін білдіреді Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін табыңыз Жігіт селк етті, денесі шымыр етті. * A) баяндауыш B) бастауыш C) анықтауыш D) толықтауыш Сөйлемнің түрін анықтаңыз Жаны шығып кете жаздады, өйткені оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес. * A) Қарсылықты салалас құрмалас B) Кезектес салалас құрмалас C) Себеп-салдар салалас құрмалас D) Ыңғайлас салалас құрмалас Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшені анықтаңыз Біз ілгері жүріп кеттік. * A) анықтауыш B) толықтауыш C) пысықтауыш D) Бастауыш Берілген сөйлемдегі етістіктің шағын анықтаңыз Мұны жазған адамның өзін емес, сөзін білдік. * A) осы шақ B) келер шақ C) өткен шақ D) нақ осы шақ Кеше Алматыдан шыққан жүргек поезд, Жезқазғанға келіп тоқтады. Сөйлемдегі үстеудің түрін анықтаңыз * A) Мезгіл үстеу B) Мекен үстеу C) Күшейткіш үстеу D) Мақсат үстеу Тортай мінер ақ боз атты мен мініп кеткендей едім, сондықтан сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым. Берілген сөйлем салаластың қай түрі? * A) Ыңғайлас салалас B) Себеп-салдар салалыс. C) Талғаулы салалас D) Түсіндірмелі салалас ОҚЫЛЫМ БӨЛІГІ Қазақстан қорықтары Қазақ жерінде он қорық бар. Талас Алатауының етегінде еліміздің байырғы қорықтарының бірі – «Ақсу Жабағылы» қорығы бар. «Ақсу Жабағылы» қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Мұнда тек аң-құстар ғана емес, шөптер де, гүлдер де қорғалады. Ақсу Жабағылының эмблемасы өте сирек кездесетін Грейг жауқазыны. Қорықтың мақтанышы – алма ағаштары өскен тоғайлар. «Алматы» қорығы Іле Алатауының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Мұнда Сібірдің тау текесін, маралды, елікті, сілеусінді, барысты және ақ тырнақ аюды кездестіруге болады. Солтүстік далалық аймақта «Қорғалжын» қорығы орналасқан. Мұндағы өзендер, көлдер мен батпақтар сан түрлі құс ұя салып, түнеп жүретін орын ретінде қызмет етуде. Қорықтың ең экзотикалық тұрғыны – қызғылт қоқиқаз. Қостанай облысындағы «Наурызым» қорығы күллі дүниеге өзінің ғаламат қарағайлы ормандарымен атағы шыққан. «Барсакелмес» – Арал теңізінің «Барсакелмес» атты аралына орналасқан жалғыз қорық. Шығыс Қазақстан тауларында табиғаты өте көркем «Марқакөл» қорығы бар. Ол Марқакөл көлінің атымен аталған. Грейг жауқазыны өсетін қорық * A) «Ақсу Жабағылы» қорығы B) «Барсакелмес» қорығы C) «Қорғалжын» қорығы D) «Наурызым» қорығы Елік, сілеусін, барысты кездестіруге болатын қорық * A) «Марқакөл» қорығы B) «Барсакелмес» қорығы C) «Қорғалжын» қорығы D) «Алматы» қорығы Қорғалжын қорығындағы экзотикалық тұрғын * A) тау текесі B) сілеусін C) қызғылт қоқиқаз D) ақ тырнақ аю Арал теңізіндегі жалғыз қорық * A) «Марқакөл» қорығы B) «Қорғалжын» қорығы C) «Барсакелмес» қорығы D) «Наурызым» қорығы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізіміне енген қорық * A) «Марқакөл» қорығы B) «Қорғалжын» қорығы C) «Барсакелмес» қорығы D) «Ақсу Жабағылы» қорығы Ғалымдар даладағы бір текше метр ауада 25 грамм шаң болатынын есептеп шығарды. Ал орманда ешқандай шаң болмайды. Орман үлкен фильтрлі алып шаңтартқыш, ауа тазартқыш сияқты. Жыл сайын бір гектар жердегі қарағай 36, емен 56, жылтыр сұр қабықты қатты ағаш 63 тонна шаң ұстайды екен. Орманды жердегі бір текше метр ауада 490 бактерия болады екен. Ғалымдар бұл цифрдың үлкен қалаларда 36000-ға дейін жететінін есептеген. Қалалар мен елді мекендерде жасыл желек неғұрлым көп болса, соғұрлым ауа таза болады. Ормандар климаты қыста салқын, жазда жылы аймақтарда өседі. Ормандар Жер бетіндегі ең үлкен тіршілік иелері болып табылады. Олардың көпшілігі жүздеген жылдар бойы өмір сүріп келеді. Әлемнің құрғақ бөліктерінде өсетін орман ағаштары ылғалды аймақтардағы орман ағаштарынан қатты ерекшеленеді. Ағаштар құстарға, жануарлар мен жәндіктерге азық береді және күн көзінен қорғайды. «Мәңгі жасыл ағаштар» деп аталатын кейбір ағаштар, қандай жыл мезгілі болмасын, ешқашан өз жапырақтарынан айырылмайды. Ақ қайың – ақ түсті жалғыз ағаш. Ол солтүстік климатта ғана өседі. Ерекше балауызды құрамының арқасында ақ қайыңның өзегі су өткізбейді. Ғалымдар қайың өзегінің обыр дертіне қарсы күресетін қасиеті барын анықтады. Түп-түзу, сымбатты болып өсетін қайың ағашы орманға ерекше әсемдік те сыйлайды. Сондықтан да болар, ақын-жазушылар ақ қайыңды өздерінің шығармаларына арқау етіп, сұлулықтың, тазалықтың, пәктіктің үлгісі ретінде бейнелейді. Бір текше метр ауада қанша шаң болады? * A) 36 тонна B) 56 тонна C) 25 грамм D) 63 тонна Мәтіндегі бактерия, климат сөздері қандай сөздер? * A) жаңа сөздер B) термин сөздер C) көнерген сөздер D) диалект сөздер Мәтіндегі ақ қайыңға қатысты ақпарат * A) «Мәңгі жасыл ағаштар». B) Обыр дертіне қарсы күреседі. C) Жылы аймақтарда өседі. D) Жүздеген жылдар бойы өмір сүреді. Мәтінде айтылмайтын сөз * A) ормандар B) ағаштар C) ғалымдар D) орманшылар Мәтіндегі негізгі ой * A) Табиғаттың пайдасы B) Ғалымдардың зерттеуі C) Ақ қайыңның пайдасы D) Құстардың пайдасы E) Жануарлардың пайдасы Мінез және келбет Мінез – саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен бірге адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы. Көркем мінез – адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні. Бұл ретте әдептілікті, ұяттылықты, намыстылықты және маңғаздықты ерекше атаған жөн. Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің. Бұл – адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде-ақ «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды?», «Түрі қандай тұрпайы», – деп те жатамыз. Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан, тіпті таң-тамаша да қалдырады. Сыртқы келбет дегеніміз не? Адамның сыртқы келбетіне кіретін заттар: дене, жаратылыс, киім, фигура келбет, бет-әлпетінің өзгерісі, дене құрылысы, бойы, салмағы, мүсіні. Адамның қадір-қасиеті, көпшілік жағдайда, мінез-құлқына қарай бағаланады. Талай-тағдырға да оңды-солды әсер етеді. Келісті мінез өмір кеңістігінің төріне шығарады, теріскейлігі қазан-ошақ басынан асырмайды. Демек, мінезді еркінсітпей, әманда, ақылға жүгіндіру қажет. Әбден қалыптасқан мінез-құлық «адамның екінші табиғаты – әдетке» айналады. Ол, жинақтап айтқанда, күнделікті тіршіліктегі сенің болмысың. Тұрмыстық қағидалы дағды. Үйреншікті тәртіп. Көркем мінез дегеніміз не? * A) Адамның табиғи қалпы, сыр-сипаты, іс-әрекеті B) Адамды сыртқы келбеті арқылы танып, білу C) Адамның эстетикалық-этикалық сәні мен мәні D) Ұлттық негізді тәлім-тәрбие тәжірибелері Адамның қадір-қасиеті қалай бағаланады? * A) мінез-құлқына қарай B) сыртқы келбетіне қарай C) әдетіне байланысты D) дене құрылысына қарай Мәтіндегі басты ақпарат не туралы? * A) Мінез және келбет туралы B) Сыртқы келбет туралы C) Келісті мінез туралы D) Адамның табиғи қалпы туралы Мәтінде айтылатын көркем мінездің белгісі * A) келісті мінез B) бет-әлпет C) сыр-сипат D) әдептілік Мәтіннің соңында не айтылады? * A) мінез-құлық пен әдет B) адамның сыртқы келбеті C) адамның қадір-қасиеті D) адамды сыртқы келбеті арқылы тану – Әке, мен сыныбыммен демалыс күні тауға демалуға барғанда «Назар аударыңыз, мемлекеттік қорық!» деген үлкен тақтайшаға жазылған жазуды оқыдым. Қорық деген не? – Бұл – мемлекет қарауына алған, ерекше қорғалатын жерлер. – Қорық не үшін құрылған? – Бір кездерде адамдар қымбат терісі, дәмді еті үшін көптеген аңдарды жер бетінен аяусыз қырып, жойып жіберген. Сондықтан да кейбір аз қалған аңдарды қорғау үшін қорық құрылған. Онда сиреп, құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың еркін тіршілік етуіне қамқорлық жасалады. – Біз біраз жоғары жүріп, кең жасыл алаңға келіп демалдық. Жол бойы тек көкектің дауысы мен әр жерден шыққан шымшықтың дауысынан басқа ешнәрсе ести алмадық, аңдардың ешқайсысын кездестірмедік. Олардың бәрі қайда кеткен? – Олар биік шыңдарда, адамдарға көрінбей, өте сақ тіршілік етеді. – Оларды адамдар бұл жерде де атып, жойып жібермей ме? – Бұл жерде аңға шығуға рұқсат етілмейді. Табиғатты сүйетін жанашыр адамдар оған жол бермейді. – Әке, аңдарды қорғайтын бұндай жерлердің бар екенін біліп, риза болып отырмын. – Табиғатты қорғау ісіне сен де қатыса аласың. Мектеп маңындағы, өз аулаңдағы әр бұтаға көңіл бөліп жүр. Жан-жануарларға, құстарға қамқорлық жаса. – Әке, туған табиғатты қорғау – біздің барлығымыздың қасиетті борышымыз ғой. – Дұрыс айтасың, балам. Табиғатты қорғау дегеніміз – ауаны ластамау, құстарды аялау, өзен-көлдің суын бүлдірмеу, жан-жануарларға қамқорлық жасау, оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз-қалпында жеткізу. Төмендегі тірек сөздердің қайсысы мәтіннің тақырыбын білдіреді? * A) табиғатты қорғау B) баланың сұрағы C) мемлекеттік қорық D) құстарға қамқорлық Мәтіннің берілу үлгісі * A) полилог B) монолог C) сұқбат D) диалог Мәтінде қандай аң-құстар туралы сөз болады? * A) саны көп аң-құстар туралы B) сиреп, құрып бара жатқан C) көп кездесетін сиреп, құрып бара жатқан D) белгілі өңірде ғана мекендейтін Артық нұсқанны табыңыз * A) ауаны ластамау B) өзен-көлдерден балық аулау C) жан-жануарларға қамқорлық жасау D) өзен-көлдің суын бүлдірмеу Мәтінде жауабы жоқ сұрақ * A) Қорық не үшін құрылған? B) Бала әкесінен не сұрады? C) Бала неге риза болды? D) Бала қай тауға барды? Қазіргі қазақстандық архитектураның ерекшелігі – заманауи сәулет ғимараттарында ұлттық нышан мен нақыштың келбеті. Қазір архитектурада негізгі басымдылық инновациялық бағыттардың ұлттық мәдениетпен сабақтастығында. Мәселен, елордада Хан-Шатыр кешенін салған Норман Фостер құрылыс бастамас бұрын көшпенділердің тарихын зерттеп, хан ордаларында шатырлардың сән-салтанат құрып, асқақтап тұратынын дәл тапқан. Содан шатыр бейнесін кешеннің бейнелік шешімі ретінде алды. Сондай-ақ, Норман Фостердің жобасы бойынша салынған Бейбітшілік пен келісім сарайының (Пирамида) ғимараты тарих пен мәдени құбылыс болып саналады. Сонымен қатар, Арқа төсіндегі астананың ауа райы мен климаттық жағдайына ыңғайланып жасалған техникалық шешімнің көрінісі. Әрине, Астана қаласының архитектурасында сыртқы сәулеттік стилі – классикалық түрде, түсі бірдей, қабаттылығы бір, әрлеу материалдары біртектес болып салынған бұрынғы аудандар бар. Алайда, елордада соңғы отыз жыл көлеміндегі барлық стильдік бағыттар көрініс тауып отыр. Жаңа астанада социалистік реализм бағытынан бастап постмодернисттік архитектураның ең бір жоғары үлгілеріне дейінгінің бәрі бар. Егер І Петр Санкт-Петербургте ерекше символдық реңкі бар, салтанаты жарқырап көрінетін барокко-классикалық бірыңғай пішінді қалыптастырса, астанада әртүрлі текшефутуристикалық пішіндер қалыптасты. Астана қаласының архитектурасында қандай стильдік бағыттар көрінбейді? * A) Социалистік реализм B) Авангардтық C) Барокко-классикалық D) Постмодернисттік Мәтіннің стиліне сай қандай тілдік құралдар қолданылған? * A) Одағай сөздер B) Термин сөздер C) Ауыспалы мағыналы сөздер D) Тұрақты тіркестер Норман Фостердің жобаларында қандай ерекшелік байқалады * A) социалистік реализм B) көшпенділер тарихы C) барокко-классикалық D) заманауи-ұлттық нақыш Мәтінге қандай тақырып қояр едіңіз? * A) Қазақстандық заманауи сәулет өнері B) Архитектурадағы стильдік бағыттар C) Ұлт символикасына айналған ғимараттар D) Ұлттық мәдениет және қазіргі архитектура Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы 1-тарау, 6-бап, 2-тармақша. Бірыңғай сәулеттік стиль – құрылыста пайдаланылатын, аумақтың белгілі бір құрылыс салу ауданына, оның ішінде жеке құрылыс салуға тән бірыңғай белгілер жиынтығы. Берілген заң тармақшасы мәтіннің қай абзацында көрініс тапқан? * A) Бірінші B) Екінші C) Үшінші D) Төртінші Көреген қыз Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Жетім қыз байдың отын-суын тасып күн көріпті. Бірде ол ауылдың қыздарымен тезек теруге шығыпты. Қыздар тезектерін теріп алады. Үйтып келе жатқанда жаңбыр құйып кетеді. Қыздар отындарын арқалап үйлеріне қарай жүгіріпті. Қыз шапанын шешіп алып, отынның үстіне жауып, жаңбырдың басылуын күтіп отырыпты. Алыстан келе жатқан жолаушы мұны көріп, қыздың қасына келеді де: – Шырағым, қыздар ауылға кетіп қалды ғой. Сен неге қалып қойдың? – деп сұрайды жолаушы. Сонда қыз: – Олардың жаңбырдан отындары да, киімдері де су болады. Атты кісі ауылға барса, елдің отындары су болып, шай қайната алмай отыр екен. – Байдың үйі қайсы? – деп сұрады жолаушы. – Анау жотаның үстіндегі үй, – деп көрсетіп жібереді. Жолаушы сол үйге барып түседі. Шайы қайнап, тамағы пісіп тұр екен. Мұны көріп отырған қонақ жетім баланы шақырып алып: – Қызым, сен ақылды бала екенсің, алдыңнан жарылқасын! – деп батасын беріпті. Байдың қолында тұрған адамды анықта * A) қария B) жетім қыз C) әйел D) ата Қыздың отынға шапанды жабуының себебі * A) күн ыстық болды B) күн суық болды C) жаңбыр жауды D) қар жауды Жолда қызға жолыққан адам * A) бала B) ұл C) қыздар D) жолаушы Қызға бата берген адам * A) шал B) бай C) жолаушы D) бала Жетім қыздың басқа қыздардан ерекшелігі * A) ақылды B) шыдамсыз C) ажарлы D) сұлу Қазақ музыка мәдениеті тарихында домбыра ел ішіне кең таралған екі шекті шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап ретінде ертеден белгілі болған. Қазақ жерінің әр өлкесінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әртүрлі үлгіде жасады. Оған қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі сияқты ағаштар пайдаланылған. Шанақтың қақпағына қос ішектен дыбыс беретін тиек орнатылады. Ал ұзынша мойнына иірген ішектен екі немесе үш оралған пернелер тағылады. Алғашқы кезде перне саны 5-7 болса, кейін оның саны 9-19-ға жетті. Домбыра халқымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Қазақ халқының небір ән-күйлері мен жыр-дастандары кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы жеткен. Қазір оркестрге лайықталып жасалған домбыраның прима, тенор, бас сияқты түрлері өмірге келді. Осы секілді он тоғыз пернелі жетілдірілген жаңа домбырамен нотаға жазылған кез келген музыкалық шығарманы орындауға болады. Мәтіндегі қазақтың тарихи аспабы * A) домбыра B) қобыз C) шанақ D) перне Алғашқы домбырадағы перне саны * A) 9-19 B) 9-15 C) 5-7 D) 5-6 Домбыра жасауда пайдаланылған ағаштың түрі * A) қайың B) шетен C) терек D) емен Оркестрлік домбыраның түрі * A) екі шекті B) қос ішек C) прима D) қобыз Мәтінге қатысты тақырып * A) білім B) табиғат C) өнер D) ғылым Шерқала Ақтау тізбегінің бірі саналғанымен, мидай жазықтың дәл ортасында өзінің сыртқы көрінісімен ерекшеленіп, оқшау тұрған борлы таулардың бірі осылай аталады. Халық аңызына қарағанда, таудың ұшар басында бекініс болған көрінеді. Дұшпандар таудың астын үңгіп, қорғаныстағылардың су алу үшін құдыққа түсірген шелектерінің арқанын кесіп, оларды шөлден қатырады. Бекіністегілер шөлге шыдай алмай амалсыз берілуге мәжбүр болады. Бұл аңызды білмейтін бұл төңіректе бір де бір адам жоқ шығар, бірақ олардың ешқайсы да оның қашан болған және кімдермен болған шайқас екенін айтып бере алмайды. Бүгінде таудың әр тұсынан бір кезде салынған басқыштың ізі байқалады. Бор сияқты жұмсақ жер қыртысын қашап басқыш жасау, қиынға түсе қоймайды. Жотаның төбесі мүлде бос жатыр, тек әр жерден қылтия өскен әлсіз өсімдіктер ғана көрінеді. Ешқандай да жер асты жолы мен ешқандай да атақты құдықтың өзі түгілі ізі де жоқ. Тек түтін ысынан әбден қарайып кеткен бірнеше үңгірлер ғана бар. Бұл үңгірлер, бәлкім, дала қарақшыларының бой тасалаған орны болған шығар, әйтпесе бұл тау тек қырандарға ғана мекен болғандай. Ол жерден жақында оқ өткізбейтін ескі сауыт пен татарлардың бірнеше ұсақ тиындары табылыпты. Шерқаланың сыртқы алып тұлғасы ерте дәуірдегі ескерткішке ұқсайды. Оған жақын келіп қарасаңыз, бор кесектеріне түсірілген тіс ойындылары мен ғажайып ерекшеліктерге толы алып құрылыстың қабырғылары, ерекше мүсіндермен тұйықталған алып бағаналардың сынықтарын көріп тұрғандай әсер аласыз. Шерқаланың ерекшелігі * A) сыртқы көрінісі B) бекіністің болуы C) құдықтың болуы D) таудың борлы болуы Шерқаланың сыртқы көрініс неге ұқсайды? * A) бекініске B) өсімдікке C) жануарға D) басқышқа Үңгірлерден табылған заттар * A) қару-жарақтар B) алып бағаналар C) сауыт пен ұсақ тиындар D) аңдардың сүйектері Бекіністегілердің берілу себебі * A) таудың биіктігі B) шөлге шыдамауы C) үңгірлердің болмауы D) азық-түліктің таусылуы Мәтін мазмұнын жеткізудегі тәсілдер * A) салыстыру, зерттеу B) суреттеу, зерттеу C) әңгімелеу, зерттеу D) ақпарат беру, суреттеу Қар барысы Қар барысы немесе ілбіс – мысық тұқымдастарға жататын ең ірі жыртқыш аң. Биіктігі 60 см, салмағы отыз – қырық килограмдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында кездеседі. Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді, ал құстардан ұлар мен кекіліктерді ұстап жейді. Қорегін негізінен түнде аулайды. Қазақстандағы барыстың саны жүз сексен – екі жүздей. Қар барысы таралу ауқымы мен саны азая бастаған сирек түр ретінде «Қызыл кітапқа» 1996 жылы енгізілген. Ғалымдардың пікірінше, ілбістің жойылуына мал жайылымы кеңейіп, соның кесірінен үй жануарлары барыстың негізгі қорегі – жабайы тұяқтыларды ығыстырған. Барыс – сыры жұмбақ жануар. Ол өзіне өзгелердің назарын еріксіз аудартады. Барынша жіті көз тігуге мәжбүр етеді. Өзін­ше дербес, тәкаппар, топтанып жүруді ұнатпайтын, мейлінше сақ, барынша батыл, бірақ өзгелерге қиянат жасап, біреудің мекені мен жеміне көзін алартпайтын, басқаларға жоқтан өзгеге бола азу көрсетіп, тырнақ батыруды білмейтін қасиеті тағы бар. Қазақ ежелден барыстың тектілігін, батылдығын пір тұтқан. Барыстың басқа аң атаулыдан ерекше екенін тым ерте пайымдаған қазақ халқы адам аяғы жетпес қия шыңды мекен етіп, көзге көп шалынбайтын бекзаттығын бағалайды. Қар барысының негізгі мекені * A) қыратта B) орманда C) жазық далада D) биік тауларда Қорегін қай кезде аулайды? * A) түнде B) күндіз C) түс ауа D) кешкісін Қар барысына тән емес нұсқа * A) өте сақ B) тәкәппар C) өте батыл D) топтанып жүреді Қар барысының жойылуына себеп болған жағдай * A) өте жиі аулануы B) індеттің жайылуы C) мал жайылымының кеңеюі D) экологиялық жағдайдың әсері Мәтін мазмұнында айтылмайтын ақпарат * A) Қорегін түнде аулайды. B) Барыс – сыры жұмбақ жануар. C) Қар барысы рұқсатсыз ауланған. D) Қар барысы «Қызыл кітапқа» енгізілген. Құлпынай – дəрумендерге өте бай. Құрамында ағзаға аса пайдалы С дəрумені көп. Оның құрамында темір, магний, калий, кальций, цинк, марганец, фосфор, кремний, мыс пен йод сияқты өте пайдалы элементтер бар. Қыс бойы дəрумен жетіспей əлсіреп шығатын ағзаға пайдасы өте зор. Құлпынайдың пайдасы: дəрумен жетіспеушілікке, тамырдың бітелуін алдын алады, қартаю процесін тежейді, иммунитетті күшейтеді, қан аздыққа көмектеседі, асқазанға пайдалы, жүрек қан-тамырлар жүйесін қорғайды. Жөтел жəне өкпе аурулары кезінде құлпынайдың жапырақтарын қайнатып ішсе, тез арада жазылып кетуге болады. Құлпынайды жеңіл тағам ретінде жейді. Құлпынайдың пайдасын арттыру жəне организмге сіңімдірек болу үшін, қаймақпен немесе кілегеймен жеу керек. Құлпынайдан шырын, тосап, джем жасайды. Хош иісі үшін парфюмерияда қолданады. Құлпынайды қалай таңдауға болады? Сатылғанда құлпынайдың гүлсабағы да міндетті түрде сақталуы керек. Себебі гүлсабағының сақталуы құрамында С дəруменінің қажетті мөлшері болуына кепіл болады. Өте үлкен құлпынай жидектеріне қарағанда орташа жəне ұсақ жидектерінде дəрумендер көбірек болады. Құлпынайдың ашық қызыл немесе қанық қызыл түрлерін кездестіруге болады. Бұл құлпынайдың өскен жеріне, түріне байланысты болып, əрқайсысының өзіндік дəмі мен ерекшеліктері болады. Сапалы жидектердің табиғи жағымды иісі болады. Иісі байқалмайтын жидектердің «химия» көмегімен өскендігі белгілі болады. Мәтін мазмұнына сай атау * A) Табиғи құлпынай B) Дәрумен құлпынай C) Құлпынайдың ағзаға пайдасы D) Құлпынай сабағының пайдасы Мәтіннің түрі * A) баяндау B) ақпараттық C) сипаттау D) пайымдау Құлпынай құрамындағы дәрумендер * A) магний, калий B) фосфор, гелий C) кальций, сульфат D) кремний, марганец Құлпынайды гүл сабағымен сатып алудың мәні * A) дәрумендер көп болады B) табиғи жағымды иісі болады C) қартаю процесін тежейді D) С дәрумені жақсы сақталады Химиялық жолмен өсірілген құлпынайдың ерекшелігі * A) иісі болмайды B) жидектері ұсақ C) түсі ашық қызыл D) түсі қанық қызыл Никогда не используйте формы Google для передачи паролей. Форма создана в домене Дарын. Сообщение о нарушении Google Формы